pic2
Просмотров страницы: 5

Абай және көпұлтты Қазақстан

Ақпан айының 26-ы Үржар тарихи-өлкетану музейінде  Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған және «Алғыс айту» күні мерекесі қарсаңында «Абай және көпұлтты Қазақстан» тақырыбында әдеби-сазды бағдарлама өтті. Абай өлеңдерін қазақ, орыс, неміс,ағылшын,француз тілдерінде мәнерлеп оқудан оқушылар арасында  әдеби байқау  ұйымдастырылып, жиырмаға жуық мектептерден келген үміткерлер бақ сынасты. Нәтижесінде Жанай орта мектебінің оқушысы Зекенқызы Ақерке бас жүлдені иеленді. Шараға қатысқан сарапшылар алқасының құрамында музей басшысы С.Туғанов, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры З.Сатыпалдинова, Қазақ тілі қоғамының төрайымы М.Қоқиланова, ардагер-ұстаз А.Оспанов, Рухани орталық маманы А.Каленова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Қ.Аңсабаева болды. Кеш- Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ұстаздары Абай әндері негізінде әзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

IMG_1749 IMG_1757 IMG_1818 IMG_1820 IMG_1839
^Жоғары