pic2
Просмотров страницы: 0

Білектей арқасында өрген бұрым

Наурыз айының 4 жұлдызында «Музей-тарих айнасы» айлығының аясында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Үржар филиалы, Әсет Найманбаев атындағы мұражай және Мақаншы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Білектей арқасында өрген бұрым» атты жас арулар байқауы өтті. Сайысқа Үржар ауданы Мақаншы аймағына қарасты 14 мектептен үміткерлер қатысып«Мен қазақтың қызымын», «Қыздың сәні қос бұрым», «Жақсы сөзім-әз халқым», «Зерделінің ойы озық», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты бөлімдер бойынша сынға түсті. Байқау қорытындысында Келдімұрат ауылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептен келген өнерпаз шәкірт  Бейсенова Аяжан бас жүлдені иеленді. «8 наурыз Арулар мерекесі» қарсаңында өткен айтулы сынға Тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі С.Туғанов, Ә.Найманбаев мұражайының меңгерушісі Л.Әсетова, аудандық «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі  М.Саябаев, Мақаншы Мәдениет үйінің меңгерушісі Ж.Тоқабаева, Мақаншы орта мектебінің директоры Г.Ноғаева төрелік жасады. Үржар тарихи-өлкетану музейі және аудандық Білім бөлімінің бірлескен тағылымдық жобалары жыл бойына жалғасын таба бермек.

IMG_2119 IMG_2153 IMG_2185 IMG_2288 IMG_2330
^Жоғары