pic2
Просмотров страницы: 0

Туған өлке тарихына дәрістер

Ақпан  айының 27  жұлдызында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Үржар филиалында  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламасының аясында «Музей-тарих айнасы» тақырыбында өлкетану сабақтары өтті. Шараға Үржар аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, орталық мектеп ұстаздары, аудан жастары қатысты. Шара барысында Көлденең орта мектебі «Үржар Ханшайымы», Б.Момышұлы  атындағы орта мектеп ұстаздары «Туған жерге туыңды тік», Ер Қабанбай орта мектебінің ұстаздары «Ауылымның ардагерлері», Егінсу орта мектебі «Отан үшін от кешкендер»  тақырыбында дәрістер өткізді. 

IMG_1899 IMG_1905 IMG_1910 IMG_1922 IMG_1932
^Жоғары