pic2
Просмотров страницы: 0

«Ұлы Абай-бас ақыны қазақтың!» атты танымдық кеш өткізілді.

Үстіміздегі жылдың 13 наурыз күні  Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Абай ауданы Қарауыл ауылындағы филиалында Қарауыл гимназиясымен бірлесіп «Ұлы Абай-бас ақыны қазақтың!»  атты  танымдық кеш өткізілді.

Шара қазақтың реалистік жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ғұлама, ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 175 жыл толуына арналды. Шараға Қарауыл гимназиясының мұғалімдері Исайын Мейрамгүл мен Жүнісова Әсел және 9 «А» сынып оқушылары қатысты.Танымдық кеш барысында музей қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериал көрсетті. Филиал меңгерушісі Б.Мәкенова «Адамзаттың алып тұлғасы» атты тақырыпта баяндама жасады. 9-сынып  оқушылары ұлы Абай  өлеңдерін жатқа оқып, әндерін шырқады.Іс-шара ұйымдастырудағы мақсат: ұлы ақын, кемеңгер ойшыл тұлға, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы  Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, өлеңдерін, қарасөздерін оқуға үндеу.Оқушылардың білім мен ой-өрісін кеңейту.

IMG-20200220-WA0031 IMG-20200220-WA0033 IMG-20200220-WA0037 IMG-20200220-WA0038 IMG-20200220-WA0048
^Жоғары