Областной историко-краеведческий музей города Семей

Қазақстан Республикасы, ШҚО
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

«Алаш идеясы – тәуелсіздік негізі» атты экспозиция бөлімі

Бұл экспозиция қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі туралы тарихын көрсетеді. Бүгінгі тәуелсіздігіміз бастауын ХV ғасыр сұлтандары Керей мен Жәнібектен, Абылайхан бастаған жоңғарлармен шайқасқан, қазақ халқының соңғы ханы Кеңесары Қасымовтың Ресей патшалығының отаршылдығымен он жыл соғысынан, Ыбырай, Шоқан, Абай сиқты қазақ халқының ұлылары армандарынан, Алаш қозғалысының ұлттық – демократиялық идеологиясынан алады.

Алаш қозғалысының сәтсіздігі де қазақ халқының рухын түсірген жоқ. 1986 жылдың желтоқсан айы қазақ еліне тәуелсіздігін ала келді. Бұл бөлім Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 1991 жылғы желтоқсан айындағы тәуелсіз егеменді Қазақстан Республикасы құрылғаны туралы жарлығынан бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының тәуелсіздікке жеткен жолын айқын көрсетеді.