Областной историко-краеведческий музей города Семей

Қазақстан Республикасы, ШҚО
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

«Қала тарихына арналған экспозиция»

1714 жылдың 24 мамырында Петр І жарлығымен подполковник Бухгольц бастаған экспедиция алтын көп шоғырланған жерді іздеуге шығады. 1717 жылы В. Чередов және П.Северский Ертіс өзені жағасына бекініс салуға аттанады. Ертістің оң жағалауында бекініс құрылысын салуға В. Чередов шешім қабылдайды. Бұл бекіністі ХҮІІ ғасырда салынған жеті шатырға байланысты Семипалатная деп атайды. 1734 жылы саяхатшы Миллер құлап қалған осы жеті шатырды тауып, олардың тарихын жазып алады. 1776 жылы Семипалатинск бекінісін жаңа жерге көшіру ұйғарылады.

Келушілер қала өміріндегі ең маңызды оқиғалармен танысады. Әскерилердің қарулары, Ямышев қақпасының құлпы, ХІХ ғасырда Семипалатинск базарында сатылған тауарлар, қаланың ең бірінші тарихи таңбасының көшірмесі, т.б. жәдігерлер залға қойылған. Сол заманғы дүкендер, ләпкелер, алғашқы банкілер фотода бейнеленген. Нумизматкалық коллекция да көрмеде өз орнын алған.

Келесі залда ХІХ ғ. соныңдағы Семей өмірімен танысуға болады. ХІХ ғ. 70 жылдары Семейде саяси жер аударылғандар көп болды. Олардың көбі білімді адамдар болғандықтан, осы өңірдің тарихын, мәдениетін зерттеумен айналысты.

Абай Құнанбаев Михаэлис, Долгополов, Гросс сияқты саяси жер аударылып келген орыс демократтарымен достасты. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына ерекше экспозиция арналады.

Михаэлис, Долгополов, Герасимов, Коншин сияқты саяси жер аударылғандардың бастамасымен 1883 жылы қалада алғашқы қоғамдық кітапхана, тарихи – өлкетану музейі құрылып, 1902 жылы Орыс география Қоғамы Батыс –Сібір география бөлімінің Семей бөлімшесі ашылады.