Областной историко-краеведческий музей города Семей

Область Абай
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

Белослюдовтар музейі шақырады...

11 наурыз күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алексей Николаевич Белослюдовтың туғанына 135 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Алексей Белослюдов өмір бойы өлкетанумен айналысқан. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ Семей музейінің экспозицияларын құруға, жәдігерлер қорын реттеуге көмектеседі. Осы уақытта ол белгілі өлкетанушы Борис Герасимовпен танысып өлкетану жұмыстарымен айналысады.
Ағайынды Белослюдовтар өңіріміздегі музей ісі мен өлкетанудың дамуына ерекше үлес қосты. Өлкеміздегі ең алғашқы құрамында сурет галереясы бар жеке музей ашып, ұлы Абайдың шығармашылығын дәріптеуге атсалысты. Ертіс өзенінің бойын мекен еткен халықтардың мәдениеттерінің жақындасуына ықпал етті.
Кеш барысында өлкетанушылар - Людмила Южакова, Андрей Куряшкин, Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми бөлімінің маманы Дарья Каливошкина А. Белослюдовтің аға-інілері, ата-аналары туралы баяндамалар жасады. Сондай-ақ, Белослюдовтар отбасы тапсырған минералдар коллекциясы мен ағайындылардың бірі - Федордың фотоальбомынан тұратын көрме ұсынылды.
Кеш соңында сөз сөйлеген музей директоры Сабырбаев Қайрат Зекенұлы баяндамашыларға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.



[an error occurred while processing the directive]