Областной историко-краеведческий музей города Семей

Қазақстан Республикасы, ШҚО
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

"Болашақ өлкетанушы" Қалалық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының ережесі

Конкурстың бас жүлдесі –

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің гранты!

 

  1. Конкурсты ұйымдастырушы — Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі.

 

  1. Ғылыми жұмыстардың тақырыптық бағыттары:

2.1. Шығыс Қазақстан археологиясы;

2.2. Шығыс Қазақстанның тарихи географиясы және топонимикасы;

2.3. Туған өлкенің киелі орындары;

2.4. Семей өңірінің ежелгі ескерткіштері;

2.5. Семей қаласы мен Семей өңірінің тарихи және сәулет ескерткіштері;

2.6. Семей қаласы өнеркәсібінің даму тарихы;

2.7. Көрнекті жерлестер;

2.8. Алаш қозғалысы;

2.9. Семей өңірінің тарихы мен мәдениетіне қатысты өзге тақырыптар.

  1. Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі:

3.1. Конкурс қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Конкурсқа тек 11 сынып оқушылары қатыса алады (Семей қаласының білім бөліміне қарасты).

3.2. Конкурсқа қатысу үшін 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін төменде көрсетілген мекен-жайға өтінім жіберу қажет.

3.3. Тіркелген қатысушылар 2022 жылдың 10 мамырына дейін ғылыми баяндама мен электронды презентация ұсынуы керек.

3.4. Өтінімде қатысушының тегін, атын, баяндама тақырыбын, жұмыс жетекшісінің Т.А.Ә., оқу орнының атауын, электрондық пошта, мекен-жайын көрсету қажет.

3.5. Ғылыми жұмысты рәсімдеу кезінде келесі талаптарды ұстануыңызды сұраймыз: көлемі А4 форматындағы баспа мәтіннің (қосымшасыз) 5 парағынан кем емес, бір жарым аралық, 14 кегль, Times New Roman гарнитурасы. Схемалар, кестелер, суреттер, диаграммалар (болған жағдайда) тақырыптарды қамтуы керек. Мәтіннің соңында қысқартылған сөздер тізімі, содан кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. Титулдық парақ және жұмысты рәсімдеудің толық ережелері №2 қосымшада көрсетілген.

Жұмыстар «Антиплагиат» жүйесінде тексеріледі. Кем дегенде 50% түпнұсқа мәтіні бар зерттеулер қатысуға жіберіледі.

3.6. Материалдар (өтінім, ғылыми баяндама, презентация) музейдің muzeysemey@mail.ru электрондық поштасына «Конкурсқа» белгісімен жолдануы қажет.

3.7. Ғылыми жұмыстарды бағалау талаптары:

— материалдың ақпараттылық дәрежесі және тақырыптың ашылуы;

— тақырыптың өзектілігі;

— мұрағат материалдары мен ғылыми дереккөздерді пайдалану;

— жұмыс мазмұнын баяндаудың логикасы;

— пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер тізімінің болуы;

— фото-бейне материалдардың, слайдтардың және т.б. сапасы;

— дұрыс риторика және шешендік өнер;

— кем дегенде 50% түпнұсқа мәтіні бар зерттеулер.

3.8. Конкурстың қазылар алқасына қала университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамының, қалалық білім беру бөлімінің және Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілдері кіреді.

  1. Конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

4.1. Конкурстың қазылар алқасы конкурстың екі кезеңінен өткен үміткерлерден бағалау хаттамаларында қойылған бағалардың нәтижесі бойынша бас жүлде жеңімпазын және жүлделі орындарға ие болған үш қатысушыны таңдайды.

4.2. Гран-при иегеріне Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің гранты беріледі.

Конкурс жүлдегерлері 1, 2, 3-дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

4.3. Ғылыми жұмыстар тақырыпқа, тиісті талаптарға толық сәйкеспеген жағдайда Грант берілмейді.

 

Конкурс екі кезеңнен тұрады. Біріншісі — сырттай. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша екінші күндізгі кезеңге қатысу үшін жұмыстар іріктелетін болады.

Конкурсты ұйымдастыру комитеті конкурстың тақырыптық бағытына, дайындық және рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін ғылыми жұмысты қабылдамауға құқылы. Ұжымдық жұмыстар қабылданбайды.

 

Конкурстың соңғы екінші кезеңі 2022 жылдың 18 мамырында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратында, Абай көшесі, 90 мекен-жайында өтеді.

Басталуы 10:00. Регламент – 10 мин.

 

 Барлық сұрақтар бойынша мына тел. бойынша хабарласуға болады :

8(7222) 52-69-50, көпшілік-экскурсия бөлімі,

бөлім меңгерушісі Абылқасымова Алтынай Әлиханқызы, 8 (705) 505-84-00.

Өтінім және талаптар