Областной историко-краеведческий музей города Семей

Қазақстан Республикасы, ШҚО
Семей қаласы, Абай көшесі, 90

Кіріспе залы

Экскурсия кіре берістегі Шығыс Қазақстан облысының картасынан басталады.

1920 жылдың 4 желтоқсанында Қазақ АКСР орталық сайлау комитеті 1 сессиясы шешімімен Зайсан, Қарқаралы, Семей, Өскемен, Павлодар уездерінен және Алматы губерниясы аумағының бөлімінен тұратын Семей губерниясы құрылды.

1932 жылдың 20 ақпанында Қазақ ОСК ІІ сессиясы шешімімен Шығыс Қазақстан облысы құрылды. Облыс орталығы – Семей.

Құрамына 21 аудан кіреді .КСРО Жоғары кеңесі Президиумы жарлығымен 1939 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан облысы құрамынан орталығы Өскемен қаласы болып Шығыс Қазақстан облысы бөлінді. 1997 жылы облыс орталығы ­Өскемен қаласы болып екі облыс қайтадан біріктірілді.

Семей қаласы Ертіс өзенінің екі жағалауында, яғни, сол және оң жағалауында орналасқан. Бұл жер теліміне Еуропаның Болгария, Греция, Албания сияқты үш мемлекетін орналастыруға болады. Облыс солтүстікте Ресеймен, шығыста Қытаймен, оңтүстікте Алматы, батыста Павлодар, Қарағанды облыстарымен шектеседі. Облыс жер телімінде Семей қаласынан 40 км. Еуразия континентінің географиялық ортасы белгіленген. Қазір ШҚО 14 әкімдік ауданға бөлінген. 2007 жылғы 21 маусымда ҚР Президенті жарлығымен Семипалатинск деген қала атауы Семей деген атауға ауыстырылды.